Қырғызстаннан әкелінген героин контрабандасының жолы кесілді

Жамбыл облысында 16 млн теңгеге героин контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы ҰҚК Шекара қызметі департаментімен бірлесіп Қырғыз Республикасынан Қазақстанға героин жеткізу арнасының жолын кесті.

Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотты болған Алматы облысының тұрғыны ұсталып, одан салмағы 700 грамнан асатын "героин" есірткі затының 2 полиэтилен пакет тәркіленді. Күдікті әйел өз кінәсін толық мойындады.

Тәркіленген партия 1500-ден астам адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 286-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы) және 297-бөлігі 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы