Қырғызстанмен шекарадағы бекет енді тәулік бойы жұмыс істейді

Мәжіліс 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада қол қойылған.

Түзету «Кеген-автожол» (Қазақстан) – «Қарқара-автожол» (Қырғызстан) өткізу пунктінің жұмыс режимін «тәуліктің жарық уақытынан» «тәулік бойына» өзгертуді көздейді. 

Бұл шешім Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айналымын арттыруға, туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге септігін тигізеді.

Айта кетсек, Қырғызстанмен шекарада 12 өткізу бекеті бар, оның 8-і көпжақты және төртеуі екіжақты. Қырғыз Республикасымен шекара халықаралық құқыққа сәйкес толығымен бекітілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы