ҰҚК: Қырғызстанмен шекара жабық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптаның соңында Қырғызстан Қазақстанмен шекарасын ашқаны белгілі болды. Алайда, ҚР ҰҚК хабарлауынша, қазақстандықтар белгілі бір себепсіз көршілес елге кіре алмайды.

21 тамыз күні кешке Қырғызстан 31 елдің азаматтарына шекарасын ашты деген ақпарат тарады. Сондай-ақ, рұқсат етілген мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай дұрысталып келе жатқаны да айтылды. Бұл тізімде Қазақстан да болды.

Қазақстандықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. ҚР ҰҚК ел шекарасы әлі де жабық екенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қырғызстан шекарасын біржақты тәртіпте ғана ашқан.

Шекараны әлі ашпады. Бұл жерде тек қырғыз тарапы ғана шекараны ашты. Соңғы тәртіп біздің сайтта жарияланды. Ол жерде бәрі анық жазылған. Тағы да айтамыз, біз шекараны әлі ашпадық, - деді ҚР ҰҚК.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы