14 Шілде 2026, 19:41
Фото: видеодан скриншот
Қырғызстандағы сел: Тасқын су көліктер мен бір отар қойды ағызып әкетті
Жауын-шашынның соңы селге ұласты.
Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы бірнеше елді мекенде сел жүрді. Табиғи апат салдарынан көшелер мен аулаларды су басты, деп хабарлайды Kaktus.media.
Дереккөзінің жазуынша, сел ұзаққа созылған жауын-шашыннан кейін басталған.
Жергілікті тұрғындар көше бойымен лайлы су ағып жатқан сәт түсірілген видеоларды жариялаған. Роликтердің бірінде тасқын судың тіпті бір отар қойды ағызып әкеткені көрінеді.
Сондай-ақ тұрғындардың айтуынша, ауылдардың бірінде ағын су автокөліктерді де сумен шайып кеткен.
Жалал-Абад облысының жауапты тұлғалары ақпаратты растап, қазіргі уақытта жағдайды бағалау және апат салдарларын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.