Қырғызстанда ЖРВИ-ге байланысты балабақшалар уақытша жабылуы мүмкін
Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігіне 31 желтоқсанға дейін балаларды балабақшаға қабылдауды тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мектептерге келер болсақ, дәрігерлер онлайн білім беруді 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға кеңес берді, деп мәлімдеді 24.kg.
Білім министрлігі қанша мектепте оқу үрдісі әдеттегі режимде қайта басталғаны туралы нақты мәлімет бере алмады. Бұған дейін онлайн сабақтар 28 желтоқсанға дейін ұзартылған Бішкектегі мектептер туралы ғана хабарлаған еді.
Талас ауданаралық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы 14-24 желтоқсан аралығында мектептер мен балабақшаларда енгізілген карантин аяқталғанын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кімге тегін адвокат көмегі көрсетіледі
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы