Қырғызстанда жаңа банктерді ашуға қызығушылық артып келеді

Қырғызстанда жаңа банктерді ашуға қызығушылық артып келеді. Қаржы ұйымдарының табысы тұрақты өсіп, онлайн несие сияқты технологиялар банк нарығын кеңейтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Депозиттерді қорғау агенттігінің атқарушы директоры Қадырбек Букуев "Биринчи радио" эфирінде хабарлады.

Оның айтуынша, қаржы ұйымдарының табысы тұрақты өсіп келеді. Банктердің пайдасы халықты белсенді несиелендіру мен онлайн несие сияқты заманауи технологиялардың енгізілуімен байланысты.

Қаржылық қызметтерге қолжетімділік жеңілдеді, бұл банк нарығының кеңеюіне ықпал етіп отыр, - деді Букуев.

Қырғызстанда бүгінде 30-дан астам микрофинанстық ұйым жұмыс істейді, оның үшеуі халықтан депозит қабылдауға лицензия алған. Ал Депозиттерді қорғау агенттігінің қоры 8,6 млрд сомды (52,8 миллиард теңге) құрайды.

Соңғы жылдары елде бірнеше жаңа банк тіркелді. Өткен жылы – "Асман Банк", биыл – "Алма Финанс Банк". Ал жуырда Әділет министрлігі "Мурас Банкті" тіркеді. Оның жалғыз құрылтайшысы – Кипр азаматы Сергей Ентц.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы