12 Тамыз 2024 2024, 15:10

Қырғызстанда сел жүрді

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қырғызстанда таулы аймақтағы нөсерден кейін сел жүріп, Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында орналасқан 3 ауылды су басты. Салдарынан 20-ға жуық үй бүлінген. Көпір зақымданған. Табиғат апаты салдарын жою үшін жедел штаб құрылған. 

Қазір оқиға орнында 100-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр.