Қырғызстанда қайтадан сел жүрді
Қырғызстанның Ош облысында тағы сел жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, Ош - Баткен – Раззаков тас жолының бір бөлігін су шайып кеткен. Салдарынан стратегиялық маңызы бар трассада көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Жолды тазартып, қалпына келтіру үшін аймаққа мамандар мен арнайы техникалар жіберілген. Әзірге табиғи апаттан зардап шеккендердің бар-жоғы белгісіз. Маусым айының соңында Ош облысының Ноқат ауданында алапат сел жүрген еді.
Табиғи апаттан үйлер қирап, көшелерді су басып қалды. Он адам опат болды. Оның төртеуі қазақстандық бала.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қайрат Нұртастың түрмеден қашан шығатыны белгілі болды
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы