30 Тамыз 2026, 15:51 Фото: istockphoto.com

Қырғызстанда ірі базар өртеніп жатыр

Өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыды.

Бішкектегі «Мадина» базарында ірі өрт шығып, оны сөндіруге қаладағы барлық өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт 400 шаршы метр аумақта оқшауланды.

24.kg таратқан ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар өрттің қалған ошақтарын толық сөндіру үшін жабық контейнерлерді ашып, жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиға орнындағы жұмыстарды Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Канатбек Чыныбаев үйлестіруде.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрт толық сөндірілгеннен кейін оның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды.

Өрт болған кезде базар жұмыс істемеген. «Мадина» базары үш күнге жабылып, саудагерлер демалысқа жіберілген.