Қырғызстанда «барлығына қарсымын» дегендер өте көп болды

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында Қырғызстанның байқаушылары пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қырғызстан СІМ жанындағы дипломатиялық академияның Халықаралық қатынастар және құқық кафедрасы профессорының міндетін атқарушы Ирина Оролбаева сайлауда болған жаңалықтарды айтып, Қырғызстанның тәжірибесімен бөлісе кетті. 

Барлығы дұрыс, тыныш өтіп жатыр. Дайындық жұмысы өте жақсы жүргізілгені байқалады. Осы жолы өте көп жаңалықтар болғанын атап өту керек. «Барлығына қарсымын» жолының қосылуы. Қырғызстанда осылай жауап бергендер өте көп болды. Сайлаудың қосымша кезеңі өтті. Яғни адамдар ешқайсысымен келіспесе, көрсетуге құқылы, - деді.

Айта кету керек, байқаушыға келген сайлаушылар саны аз болып көрінген. 

Мен барған сайлау учаскесінде түске дейінгі уақытта 2100-ден 600 ғана сайлаушы келді. Маған ол аз болып көрінді. Урналарды көрдік, оларға қалай бюллетеньдерді салғанын көрдік. Жүре алмайтын кейбір адамдарға дауыс беру жәшігі үйіне апарылды, - деді ол. 

Сондай-ақ Ирина Оролбаева өзінің байқаушы әріптесі Қырғызстанның Жогорку Кенеш депутаты Кундузбек Сулайманов бір мандатты округ бойынша сайланған депутат екенін айтты. Кундузбек Сулайманов өз кезегінде сайлау процесінде құқықбұзушылықтар байқалмағанын хабарлап, бір мандатты округтен ұсынылған депутаттардың артықшылығын атады.

Бірмандатты округтен кандидаттардың артықшылығы неде? Партиядан ұсынылған кандидаттар бірінші кезекте партияны алға тартады. Партияның жетекші болғанын қалайды. Ал бір мандатты округтен сайланған депутаттар өз ұстанымымен жүреді. Олқылықтар бойынша ашық айта алады.

Бір мандатты округтердің кіргізілуі партия тізімінен тыс өкілдерге үлкен мүмкіндіктер ашады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы