Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 2 шілде күні 6 сағат 56 минутта жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. Mагнитудасы -4,5. Тереңдігі - 25км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 187 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Өзгелердің жаңалығы