Кеше 2026, 21:08 Фото: Ақорда

Қырғызстан жасанды интеллектіні әлем дамуының жаңа локомотиві деп атады

Жапаровтың сөзінше, ЕАЭО елдері жаһандық цифрлық күн тәртібін қалыптастыра алады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қырғызстан президентінің айтуынша, жасанды интеллект бүгінде әлем дамуының жаңа қозғаушы күшіне айналып отыр.

Жасанды интеллект – әлемдік тарихтың жаңа локомотиві, – деді Жапаров.

Ол Қырғызстан жасанды интеллект саласында ұлттық шешімдерді дамытуға басымдық беріп отырғанын айтты.

Сонымен қатар Президент Еуразиялық экономикалық одақ елдерін цифрлық бағытта күш біріктіруге шақырды.

Егер бірлескен модельдер жасап, ортақ есептеу қуаттары мен дата-орталықтар құрсақ, онда біз жай ғана қолданушы емес, жаһандық цифрлық күн тәртібін қалыптастыратын толыққанды архитекторға айнала аламыз, – деді Қырғызстан басшысы.