Қырғызстан және Өзбекстанмен ГЭС құрылысын талқылаймыз – Энергетика министрі

Бұл туралы Алмасадам Сәтқалиев Орталық Азия мемлекеттерінің энергетика министрлерінің алғашқы кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол мұнай-газ секторымен қатар, ынтымақтастықты одан ары дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде аз көміртекті секторды дамыту мен көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді атады.

Орталық Азия елдерінде заманауи энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру мақсатында инвестицияларды жан-жақты тарту және энергетика саласына бірлескен ірі технологиялық жобаларды жүзеге асыру өңірлік ынтымақтастықты дамытудың маңызды факторы, – деді министр.

Ол сондай-ақ газ саласында өңір мемлекеттерімен бірқатар жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Біз Әзербайжан Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен жасыл энергияны дамыту және беру саласындағы жаһандық жобаны іске асыруды бастаймыз, сондай-ақ Қырғызстан Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен Камбаратинская ГЭС-1 ауқымды гидроэлектростанциясының құрылысы бойынша белсенді талқылау жүргіземіз, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы