Қырғызстан шекарасы: 136 мың тұрғын эвакуацияланды
Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай толық тұрақталған жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқ атпау режиміне қарамастан кейде атыстың дыбыстары әлі де естіледі. Баткен облысындағы төтенше жағдай сақталған, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігі шиеленіс болған жерден 136 мың тұрғынның эвакуацияланғанын мәлімдейді. Қазір оларға республика бойынша гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ең қажетті заттар, жеке гигиена, азық-түлік, киім мен жылы төсек жеткізуге арналған арнайы гуманитарлық орталықтар ашылды. Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша атыс-шабыстан 24 адам қаза тапқан. Тәжік тарапы адам шығыны жайында нақты ақпарат берген жоқ. Бейресми деректер бойынша 7 адам мерт болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда үстел теннисінен халықаралық жарыс өтіп жатыр
Келесі жаңалық
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Өзгелердің жаңалығы