Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан Республикасының президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтып, жылы қабылдағанына ризашылығын білдірді.


"Ұлықтау рәсімінен кейін Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру", – деді Қазақстан президенті.

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұдан әрі де екі елдің қарым-қатынастарының нығая түсетініне сенім білдірді.


Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы