Садыр Жапаров Мемлекет басшысын Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады
Садыр Жапаров Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығая беретініне үміт білдірді.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және қазақ халқын Құрылтай депутаттары сайлауының өтуімен құттықтады.
Құттықтау жолдауында Садыр Жапаров сайлау қорытындысы бойынша қалыптасатын Құрылтай Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.
«Азаматтардың еркін ерік білдіру қорытындылары бойынша қалыптасқан Құрылтай Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына терең сенімдімін», – делінген жолдауда.
Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға және Қазақстанның одан әрі өркендеуіне бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ Садыр Жапаров Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығая беретініне үміт білдірді.
«Стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың қырғыз-қазақ қатынастары екі ел халықтарының игілігі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияда бейбітшілікті, тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз ету мүддесі үшін жаңа мазмұнмен толыға отырып, алдағы уақытта да дәйекті түрде нығая беретініне үміт білдіремін», – деді ол.
Садыр Жапаров Қазақстан Президентіне денсаулық пен мемлекеттік қызметінде табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.