Қырғызстан өз аумағында ҰҚШҰ оқу-жаттығуын өткізбейді

Қырғызстанның қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізбейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sputnik.kz сайтының мәліметінше, Әскери маневрлер 10 қазаннан бастап республика аумағында өтуге тиіс болатын. Қырғызстан ҰҚШҰ-ның ресми сайтындағы іс-шаралар күнтізбесінен алынып тасталды.

Оқу-жаттығулардың өткізілмеу себебі туралы елдің қорғаныс министрлігі ресми мәлімеме жасаған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: © Photo : Объединенный пресс-центр учений ОДКБ
Өзгелердің жаңалығы