Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды
Түркі мемлекеттері ұйымы бұл келісімді құптайды.
Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Президенттері қол қойған Мемлекеттік шекара туралы келісімге қатысты Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркі мемлекеттері ұйымы Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Президенттері арасында 2025 жылғы 13 наурызда Бішкекте мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойылғанын құптайды.
Осы танымы терең маңызды кезеңде екі елдің дипломатия мен диалогқа деген ұстанымын жоғары бағалаймыз. Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық байланыстар нәтижесінде қол жеткізілген бұл келісімнің Орталық Азия мен одан тысқары жерде бейбітшілік пен тұрақтылық, ынтымақтастық пен өркендеуге зор ықпал ететініне сеніміміз мол, - деп хабарлады Түркі мемлекеттері ұйымы.
ТМҰ бауырластық қарым-қатынастарды дамытуға, өңірлік үйлесімділікті нығайтуға бағытталған барлық күш-жігерді қолдауға әрдайым дайын екенін тағы бір мәрте мәлімдейді.
Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара келісіміне қол қойылуына қатысты мәлімдеме жасады.
Қырғызстан мен Тәжікстан Президенттерінің 2025 жылғы 13 наурызда Бішкекте мемлекеттік шекара туралы келісіміне қол қойғанын зор қуанышпен қабылдаймын. Дипломатия мен диалог арқылы қол жеткізілген бұл маңызды кезең Орталық Азия мен одан тыс жерлерде бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеуге жол ашпақ. Бауырластық байланыстар мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық күш-жігерді қолдауға дайынбыз, - деді ТМҰ бас хатшысы.
- Қазақстандағы инвесторлар мемлекеттік органдармен дауларды сотсыз шеше алады 12:36
- Түркістанда 60 мыңнан астам оқушыға 50 мың теңгеден көмек беріледі 12:35
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30
- 2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 12:20
- Алматы тауларында төтенше жағдайлар жиілеген: Бір күнде төрт құтқару операциясы жүргізілген 12:02
- Келісімсіз қай кезде түсірілім жүргізуге болады: Аида Балаева БАҚ құқықтарын түсіндірді 11:53
- Құтқарушылар Алматыға келетін туристердің тауда жиі жіберетін қателігін атады 11:42