28 Шілде 2026, 21:50 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қырғызстан мен Өзбекстанның спорт басшылары Астанаға келді

Шетелдік делегациялар 29 шілде мен 9 тамыз аралығында елордада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылу салтанатына және ресми іс-шараларына қатысады.

«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турниріне қатысу үшін Астанаға Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Ұрмат Асанбаев, Қырғыз Республикасының құрметті азаматы, профессор Хабибула Анарқұлов және Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов келді.

Құрметті меймандарды Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қарсы алып, қазақ халқының қонақжай дәстүріне сай жылы лебізін білдірді.

Шетелдік делегациялар 29 шілде мен 9 тамыз аралығында елордада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылу салтанатына және ресми іс-шараларына қатысады.

Айта кетейік, биылғы додада 35 елден келген 800 спортшы сегіз спорттық дисциплина бойынша бақ сынайды.