Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды – Қазақстанның бірнеше өңірінде сезілді

2025 жылғы 5 тамыз күні Астана уақытымен 18:44-те Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" ЖШС мәліметінше, жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы – 13.1, ал магнитудасы – MPV 5.9.

Жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 2 баллдық деңгейде сезілді. Атап айтқанда, Жамбыл облысының Тараз, Қаратау, Шу, Мерке, Құлан, Аса, Сарыкемер, Төле би, Бауыржан Момышұлы, Қордай елдімекендері мен Түркістан облысының Ленгер, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай, Темірлановка, Тұрар Рысқұлов ауылдары және Шымкент қаласында дүмпу байқалды.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.

ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді, - деп хабарлады ТЖМ. 

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. 

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы