1 Қазан 2026, 20:28 Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан алғашқы ұлттық спутнигін ұшыруға дайындалуда: Жапаров SpaceX компаниясында болды

Қырғызстан президенті SpaceX компаниясының басшылығымен және технологияларымен танысты.

Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Калифорния штатындағы SpaceX өндірістік кешенінде болды. Бұл сапар елдің алғашқы ұлттық спутнигін ұшыруға дайындық кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды 24.kg.

Садыр Жапаровқа ғарыш техникасы мен тасымалдаушы ракеталардың сатылары құрастырылатын өндірістік алаңдар көрсетілді. Компания өкілдері SpaceX технологиялары, инженерлік шешімдер және сапаны бақылау жүйесі туралы әңгімеледі.

Көп мәрте қолданылатын ракета сатыларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Садыр Жапаров ұшуларды басқару орталығына барып, мамандардың ғарыш миссияларын қалай сүйемелдейтінімен және бортық жүйелердің жұмысын қалай бақылайтынымен танысты. Қырғызстан Президенті SpaceX скафандрлары мен экипаж қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологияларын да көрді.

Тағы бір басты тақырып Starlink спутниктік жүйесі болды. Компания өкілдері спутниктердің бірнеше буынын көрсетіп, жобаның даму барысы туралы айтып берді. 

Сапардың басты оқиғасы – Қырғызстанның алғашқы ұлттық спутнигін ұшыру болмақ. Аппаратты орбитаға SpaceX тасымалдаушы ракетасының көмегімен шығару жоспарланып отыр. Спутникті әзірлеу мен жасауға шамамен 2,5 жыл уақыт кетті, оның салмағы шамамен бес килограмды құрайды.

Орбитадан алынатын деректерді, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерін, жайылымдарды, су ресурстарын және төтенше жағдайлардың салдарын мониторинг жасау үшін пайдалану жоспарлануда.