"Қырғыздарға қарсы ойын өзгеше болады" - көкпаршы

Көкбөріден Қазақстан мен АҚШ-тың ойынынан кейін ұлттық құрама капитаны Асқар Оңғарбаев БАҚ өкілдерінің сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің ат үстінде жүргенімізге 7-8 жылдай болып қалды. Бүгін жігіттердің бәрі өз ойынын ойнап шықты. Жарысқа 3 ай дайындық өткіздік. Америкалықтар сәл босаңсып ойнады. Меніңше, бұрын көп шаппағаннан кейін солай болды, - деді Оңғарбаев.

Көкпаршы көкбөріден Қазақстанның басты қарсыласы қырғыздар екенін атап өтті.

Біз жеңімпаз боламыз деп дайындалдық. Бастысы, жігіттер дұрыс тактикада ойын көрсетсе...  Басты қарсылас - қырғыздар.  Қырғыздармен финалда ойнаймыз деп жоспарлап отырмыз. Олардан қауіптенетін ештеңе жоқ, оларда адам баласы. Жалпы, әр ойынға әртүрлі тактика құрамыз. Қырғыздарға қарсы өзгеше ойнаймыз, - деді Асқар Оңғарбаев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы АҚШ-тың ковбойларын 18-0 есебімен жеңгенін жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы