Қырғыз-тәжік шекарасында атыс тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыс тоқтады. 

Тараптар кездесіп, шекараға тартылған қосымша әскер мен техниканы алып кетуге, Баткен-Исфана арасындағы жолды ашуға және екі елдің қарулы күштері әрі қарай қақтығысты болдырмау үшін шекара бойындағы елді мекендерді бірге қадағалауға уағдаласты.

Шекарадағы жағдай кеше кешкілік ушыққан болатын. Алдын ала ақпарат бойынша жанжал қырғыз жағының Тәжікстан азаматтарының көлігіне тас лақтыруынан басталған. Сөйтіп, екі елдің тұрғындары арасындағы кикілжің шекарашылардың атысына ұласқан. 

Хабар24-тің мәліметінше, екі жақ та әскері мен соғыс техникасын әкелген. Кейінгі мәлімет бойынша қақтығыс салдарынан 17 адам жарақат алған. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы