Қырғыз елімен тауар айналымы 126 млн доллардан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-ақпанда 126,3 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға жоғары, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі.

Онын мәліметінше, алғашқы екі айда елімізден Қырғызстанға экспорт 14,2 % - ға төмендеп, 72,6 млн доллар болған.

Қырғызстанға экспорттың қысқаруы табиғи газ жеткізілімінің 84,7%-ға немесе 12 млн долларға төмендеуімен негізделеді. Сонымен қатар, өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын жеткізілімдерінің өсуі байқалады. Онда жөнелтілімдердің негізгі тауарлары - темекі өнімдері, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, есепті кезеңде Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 59,6%-ға өсіп, 53,7 млн долларға жетті. Мұны мұнай өнімдерін әкелудің ұлғаюымен түсіндіруге болады. Сондай-ақ бағалы металдардың кені мен концентраттардың жеткізілімдеріндеөсім бар.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы