Қымбат құрылыс: Тұрғын үй бағасы осы көктемнен бастап өсе ме

Елімізде биылғы жылдың басынан бері құрылыс саласындағы айтарлықтай баға өсімі наурыз айында тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, құрылыс материалдарының бағалар индексі ақпан айымен салыстырғанда 100,5 пайызды, ал 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда – 102,2 пайызды құрады. Қаңтар мен ақпан айларында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 99,9 және 100,1 пайыз болған.

Негізгі құрылыс материалдары бойынша баға өсуі:

Тас, қиыршық тас, әк, шифер және гипс: бір ай ішінде 13,2 пайызға, бір жылда 52,5 пайызға өсті.

Пластикалық тақталар, құбырлар және профильдер: айына +11,9 пайыз, жылына +13,1 пайыз өсім байқалды.

Бетон: айына +4,1 пайыз, жылына +7,5 пайызға артты.

Бұл материалдар ғимараттардың негізі, беткейі, ішкі бөлмелері мен инженерлік жүйелерде қолданылады. 

Олардың бағасының өсуі бүкіл құрылыс процесінің құнының да жоғарылауына әкелуі мүмкін.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы