Бүгiн 2026, 11:36 Фото: видеодан скриншот

Қымбат Cadillac Escalade: 34 миллион теңге қарызы бар көлік айып тұрағына қойылды

34 миллион теңге қарызы бар көлік анықталды.

Павлодарда рейд кезінде мемлекетке 34 миллион теңгеден астам берешегі бар ұйым анықталды. Тәртіп сақшылары борышкерге тиесілі қымбат жол талғамайтын көлікті тоқтатып, оны арнайы тұраққа қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Павлодарда 34 миллион теңгеден астам қарызы бар автокөлік анықталды.

Рейд барысында Cadillac Escalade маркалы көлік анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында аталған автокөлік иесі болып табылатын ұйымның 34 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені белгілі болды. Жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде автокөлік арнайы тұраққа қойылды, - деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы.

Полиция азаматтарға әкімшілік айыппұлдар мен өзге де берешектерді уақытылы төлеу қажеттігін ескертеді. Бұл мүлікті мәжбүрлеп тәркілеу мен көлікті арнайы тұраққа қоюдың алдын алуға мүмкіндік береді.