+12

Қылышын көрсетіп, әскери шеру өткізгендерді Ассамблея арқылы тоқтаттық - Әбдірахманов

Қылышын көрсетіп, әскери шеру өткізгендерді Ассамблея арқылы тоқтаттық - Әбдірахманов

Бұл туралы "Желмая"жобасына берген сұхбатында журналист, әдебиеттанушы, Мәжілістің VI және VII шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғам қайраткері сұхбат барысында этносаралық қарым-қатынастың ассамблея тарапынан қалай реттелгеніне тоқталды.

Ассамблея тарапынан ол кезде мысалы, сепаративтік шақыруларға байланысты олардың адамдарымен нақты әңгімелер жүргізілді. Мысалы, казак адамдарымен ассамблеяның басшылары нақты бірнеше рет жүздесіп, оларды райларынан қайтарды. Олар басқаша сипатқа ауыса бастады. Кейін казактардың Қазақстанның көшелерінде қылышын салақтатып жүруі, әдейі әскери формасымен марш шеру жасауы деген сияқты арандату көріністері төмендей берді, - деп атап өтті Сауытбек Әбдірахманов.

Айтуынша, ол кезде Ресей Федерациясының жекелеген күштері де біздің жекелеген ішкі этностық өмірімізге араласуға тырысқан.

Сол кезде мемлекет басшылығының талап етуімен Ресей делегациясы Александр Рудской Қазақстанға арнайы келіп: "Олар біздің мемлекеттік көзқарасымызды білдірмейді, жекелеген саяси күштер, өздерінің ойларын айтып жүр. Ал шын мәнінде Қазақстан Республикасының ешқандай аумақтық мәселеміз жоқ" дегенді ресми түрде айтып кетті. Рудскойдың мәлімдемесінен кейін оған да тоқтамай, сол кездегі ел басшылығының талап етуімнен ондай сөзді Борис Ельцин де айтты, - деді спикер.

Еске салайық, бұған дейін қоғам қайраткері ассамблеяның елімізге не үшін қажеттігін түсіндірген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы