Қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін - банкроттық туралы заң

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, азамат өзін банкрот деп жарияламас бұрын жан-жақты ойланғаны абзал.

Бүгін Сенат «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңды қабылданғаны белгілі.

Аталған рәсімдерді қолдану үшін заң жобасында мынадай нормалар ұсынылады:

- соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінен өтуге арналған кіру өлшемшарттары;

- рәсімдерді қолданғаннан кейін борышкер мен кредитор үшін салдары;

- борышкер, кредиторлар, уәкілетті орган үшін өкілеттіктер (құқықтар мен міндеттер);

- рәсімдерді жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдар;

- қаржы басқарушыларының қызметін мемлекеттік бақылау нысандары;

- рәсімдерді тоқтату негіздері;

- борышкердің мүліктік массасын қалыптастыру және оны бөлу тәртібі;

- кредиторлармен есеп айырысу қағидалары;

- кепілді кредиторлардың талаптарын өтеу ерекшеліктері;

- банкрот міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту үшін негіздер;

- рәсімдер аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелер;

- соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін борышкер үшін шектеулер;

- емдеу жүргізу, жақын туысын емдеуге алып жүру, жақын туысын жерлеуді жүргізу қажет болған жағдайда соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде борышкер үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салу бойынша шектеулер;

- банкроттардың қаржылық сауаттылығын арттыру курстарын өткізу туралы талаптар;

- ломбардтарда алынатын қарыздарды қоспағанда, қарыз алуда банкротқа белгіленген шектеулер;

- борышкер банкроттықтан және кредиторларды хабардар еткеннен кейін 3 жыл ішінде тіркеуге жататын мүлікті сатып алған жағдайда қаржы мониторингін жүргізу туралы уәкілетті органға қойылатын талаптар;

- 1600 АЕК-тен аз берешегі болған кезде мүлкі бар борышкерлердің банкроттықтың соттық рәсімін немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану құқығы.

Бұдан басқа, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар борышкерлер санаты соңғы 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар санатына өзгертілді.

Күтілетін нәтиже

- азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету;

- әлеуметтік шиеленісті жеңілдету;

- қарыздар бойынша төлемдерді ынталандыру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы