7 Сәуір 2025 2025, 02:28 Фото: Фото: Архив

Қылмыстық іс қозғалды: Атырауда бір топ жігіт ер адамды аусыз соққыға жыққан

Атырауда бір топ жігіттер ер адамды соққыға жыққан. Аталмыш факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Атырауда бір топ жігіт ер адамды соққыға жыққан. Аталмыш факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаның видеосы әуелі әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, төбелес Атырау қаласындағы «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданында болған.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке қатысты құқық бұзушылар ұсталған.

«Қазір қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.