Қылмысты ашуға шара қолданбаған полицейлер жауапкершілікке тартылды
Ерейментау ауданының прокуратурасы тіркеуден жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдегендей, биыл тіркеуден жасырылған ауыр қылмыс анықталды.
Осылайша, жеке кәсіпкер М. дүкенінен тауарлы-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша полицияға хабарласқан, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы тіркеуден жасырған және оны ашуға ешқандай шара қолданбаған, - делінген хабарламада.
Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді. Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды.
Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада үш жаңа көше салынады
Өзгелердің жаңалығы