Қылмыскерлер 18 жастағы қарусыз жедел қызмет солдатын орталық көпірден лақтырып жіберген – Қилымжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қылмыскерлер мемлекеттік органдардың нысандарына арнайы шабуыл жасады. Осылайша, олар қосымша құқық қорғау күштерінің келуіне жол бермеуге тырысты. Атырау облысында болған жағдай оған мысал бола алады. Сырттан қауіпсіздік күшінің келуі мүмкін екенінен қорқып, қылмыскерлер теміржолдарды жауып, 3 жолаушы мен 5 жүк пойызының қощғалысын тоқтатты, - деді Қилымжанов. 

Ол атағандай, олар полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасаған. 

Мысалы, 18 жастағы қарусыз жедел қызмет солдатын орталық көпірден лақытырып жіберуге дейін барған. Ол ғажап түрде тірі қалды, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы