Қыдырәлі: Өз заманында Сұлтан Бейбарыс "Ислам дінінің екінші атасы" атанды

Бұл туралы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Бейбарыс Сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты халықаралық  конференцияда Ақпарат және қоғамдық даму министрі мәлімдеді,  деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Көне заман тарихтарына үңілсек, Қытай, Үнді  ,Соғды, Иран және Батыс өркениетімен бірге иық тірескен түркі өркениетін көреміз. Былтыр «Отыкен» жерінен табылған Елтеріс қаған кешеніндегі төрт жазу соның айқын айғағы. Адамзат тарихында, жалпы жазуды алғашқы рет қолданған саусақпен санарлық ұлт болса, соның бірі біздің бабаларымыз. Сондықтан олар тек жылқының жалындағы жауынгер жұрт қана емес ғылым мен өркениетті дамытқан әлем өркениетіне зор үлес қосқан бабаларымыз. Олармен әбден мақтануымызға болады, - деді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, Бейбарыс – бір жағы Елтеріс қағандардан бері келіп, түркі өркениетін жалғаса, екінші жағынан ислам мәдениетін ұштай түсті.

Бабамызға «Исламның дінінің екінші атасы» деген лауазым берген. Оның себебі - Мысырды Батыстан Крест жорықтары үлкен қауіп төндіргенде, шығыстан Хулагудың әскері басып кіргенде және ел ішінде діни алауыздықтар туындаған сәтте елін сақтап қалуы. Бейбарыс бабамыздың Мысырда жүріп, тілін, дәстүрін қаншалықты ұлағаттағанын жақсы білеміз. Бейбарыс сарайда да тек ана тілінде сөйлегенін тарихшылар, жылнамашылар жазады, - деді Дархан Қыдырәлі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Дархан Қыдырәлінің facebook парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы