29 Маусым 2023 2023, 09:31 Фото: gov.kz

Құжатсыз қалған Өзбекстан азаматтары полицейлерге алғыс білдірді

Құжаттарын жоғалтып алған Өзбекстан азаматтары атыраулық полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжаттарын жоғалтып алған Өзбекстан азаматтары атыраулық полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасының 1988 ж.т. азаматы мен 1991 ж.т. азаматшасы 2018 жылы жұмыс бабымен Қазақстанға келген. 

Ерлі-зайыптылар белгілі бір себептермен өздерінің және 2015 ж.т., 2017 ж.т балаларының құжаттарын жоғалтып алған. 

Еліне қайта алмай, құжатсыз жүрген шетел азаматтарына қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері көмектесіп, Өзбекстан Республикасының Елшілігіне еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал етіп, тиісті заңды көмек көрсетті. 

Шетелдіктер полицейлерге алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.