Құжатсыз көлік жүргізген петропавлдық үш бірдей апатқа себеп болып, рекордтық айыппұл арқалады

Петропавлда көлік жүргізу құқығы жоқ ер адам бір күнде үш бірдей жол апатына себепші болып, рекордтық көлемде – 1 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 30 тамызында ер адам «Nissan Maxima» маркалы көлікті ешқандай құжатынсыз басқарып, үш бірдей жол-көлік оқиғасына себеп болған. Ол бірнеше автокөлікке зақым келтіріп, екі жағдайда апат орнынан қашып кеткен.

Қаладағы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот істі қарап, ер адамды ҚР Әкімшілік кодексінің бірнеше бабына сәйкес кінәлі деп тапты. Сот шешімімен оған 1 022 320 теңге (шамамен 260 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынды. Бұл – мұндай құқықбұзушылықтар бойынша ең ауыр жазалардың бірі саналады.

Сот қаулысы үкім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы