18 Сәуір 2024 2024, 13:08
Фото: ТЖМ
Құтқарылған бүлдіршін атыраулық өрт сөндірушіге алғысын білдірді
Қызыл жалыннан құтқарылған қыз атыраулық өрт сөндірушіге алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызыл жалыннан құтқарылған қыз атыраулық өрт сөндірушіге алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ баспасөз қызметі атап өткендей, құтқарылған әрбір өмір өрт сөндірушілер үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш.
Атырау қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Дербес Тұрғалиев осындай алғысқа ие болып, қуанышқа бөленді.
Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Атырау қаласы Абай көшесінде өрт болған тұрғын үйдің 6 қабатынан қыз бала құтқарылды. Ол сурет арқылы өрт сөндірушіге алғысын білдірді.