2 Қаңтар 2025 2025, 23:22
Фото: -архив
Құтқарушылар жолда қалған бес адамға көмектесті
ТЖМ қызметкерлері ақаулы автокөліктен бес адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ қызметкерлері ақаулы автокөліктен бес адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Қызылорда қаласынан 25 шақырым қашықтықтағы "Самара-Шымкент" автожолында бес адам мінген жеңіл көлік бұзылып қалған.
Адамдар 112 нөміріне көмек сұрап қоңырау шалды. ТЖМ күштері Қызылорда қаласына 5 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.