Құтқарушылар жоғалған екінші балықшының денесін тапты

Бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап жоғалған балықшылардың екіншісін іздеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар сағат 18.10-да қамысты жерлерде Астана су қоймасындағы жағадан 500 м, көлдің түбінен 1,5 м тереңдікте 1972 жылы туған екінші балықшының денесін тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындары белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен болатын. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан алты адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан екі адам және екі техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтерлер және екі бірлік техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы