Құтқарушылар жоғалған балықшылардың бірінің денесін тапты

Бүгін Астана су қоймасында құтқарушылар көлдің түбінен 1975 жылы туған ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындары белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен болатын. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан алты адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан екі адам және екі техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтерлер және екі бірлік техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған. 1972 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы