Құтқарушылар жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді
Бүгін түнде Қонаев қаласы Комсомольская көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай 240 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Еске салайық, төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ж. Елебеков атындағы дәстүрлі әншілер байқауы мәресіне жетті
Өзгелердің жаңалығы