Құтқарушылар жазық далада адасқан ауыл тұрғынын тапты

2023 жылғы 19 сәуір күні сағат 08:40-та «112» құтқару пультіне Қамысты ауданында Аралкөл кентінің тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Қостанай облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәлімдеуінше, 1983 жылы туған ер адам мал іздеуге шығып, жазық далада адасып кеткен. Туыстары бұл туралы полиция органдарына хабарлады. Өз кезегінде полиция қызметкерлері құтқару қызметіне жүгінді.

Бір күн бұрын Аралкөл кентінің маңында қар мен жаңбыр жауды. Сондықтан батпақта тұрып қалған көлікті қарапайым техникамен сүйреп шығаруға мүмкін болмады. Содан кейін Жітіқара қаласының жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің құтқарушылар тобы іздеу жұмыстарының ауданына жол тартты. ЯМАЛ Н4 жоғары өтімді техникасымен олар жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге кірісті. Бірнеше сағаттан кейін ол Аралкөл кентінен 30 шақырым қашықтықта табылып, тұрғылықты жеріне жеткізілді.

Құтқарылған азаматқа медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы