Құтқарушылар тұрғындарға Жайық өзеніне шомылмауды ескертті

Бұл туралы ТЖ жою басқармасының бастығы Жантөре Сәндібекұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Жайық өзенінің ағысы қатты болуына байланысты халықтың суға шомылуы әзірге өте қауіпті. Сондықтан жағажай орындары ашылғаннан кейін ғана рұқсат етілген жерлерге шомылуға кеңес береміз. Өздеріңізге таныс емес немесе жабайы жағажайға бармауларыңызды ескертеміз, - деді спикер.

Айта кетейік, ТЖ байланысты Атырау қаласында суға түсетін орындар әлі ашылған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы