Құтқарушылар шетелдік туристке көмек көрсетті

ТЖМ құтқарушылары Оңтүстік Кореялық туристке  көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үлкен Алматы көлі маңындағы тау өзенінің бойында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары еңістің жиегінде жатқан ер адамды байқап қалды.

Белгілі болғандай, 1993 ж. т. Оңтүстік Корея азаматы электровелосипедпен жүріп келе жатып, қиын жер бедерінде басқаруды жоғалтып, құлап жарақат алған.

Тік, жартасты әрі жүру қиын таулы аймақта құтқарушылар зардап шеккенге жетіп барып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы