Құтқарушылар саябағында Асқар Забикулинге естелік тақтайша орнатылды

Құтқарушылар саябағында 2022 жылы адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған естелік тақта орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 16 қарашада 10 сағат 43 минутта «101» тетігіне Астана қ. Б. Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайы бойынша орналасқан «Қаһарман» тұрғын-үй кешенінде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнында ашық жалынмен алаңы 50 ш.м. құрайтын 11 қабаттағы пәтер жанып жатқаны анықталды.

Бұдан басқа, үйдің тұрғындарына қауіп төніп, қабаттарда қатты түтін пайда болды, соның салдарынан пәтерлерде және саты алаңдарында болған азаматтар өз бетінше ғимараттан шыға алмады.

Бірінші кезекте отпен күресушілер шешуші бағыт болып адамдарды құтқаруды таңдады. Сөйтіп, А.С. Забикулин 12 қабатта орналасқан терезеден құтқару арқаны көмегімен жанып жатқан пәтердің (11 қабатқа) терезесіне түсті, сол уақытта пәтерде адамдар болды.

Екі зардап шеккендерді анықтағаннан кейін, оларды сол уақытта оның әріптестері бұзып шыққан кіреберіс есігі арқылы алып шықты. Содан А.С.Забикулин көрші пәтерге жүгіріп кіріп, өз бетінен қатты түтіннен шыға алмай отырған, қалың түтін арасынан 10-жастағы баланы тауып алып, құтқарды.

Дегенмен, адамдарды құтқару кезінде А.С.Забикулин 80% жуық дененің термиялық күйіктерін алып, № 1 көп бейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күрескеннен кейін, 2022 жылғы 20 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оның батыл, сауатты әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталды. Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін, азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулин Қазақстан Республикасының «І дәрежелі Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады!

Іс-шара соңында Департамент бөлімшелерінің жеке құрамының жазғы нысанды киімін киюге жеке құрамның ұйымдастырылған ауысуы мақсатында саптық байқау өткізілді, оның қорытындысы бойынша қызметкерлер өздерінің толық дайындығын көрсетті. Астана қ. ТЖД бастығы Қ. Базарбаев саптық дағдылар деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін, сыртқы келбетін, киім нысанын, қызметтік куәліктердің, жеке нөмірлері бар жетондардың, ТЖД және Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының айырым белгілерінің болуын тексерді.

Сондай-ақ, 16 жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Департамент бастығы Қуанар Базарбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Аденов жас мамандарды ант қабылдауымен құттықтап, азаматтық қорғау органдары қатарындағы оңай емес еңбекте табыс тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы