Құтқарушылар қолын темірге қысып алған 10 жасар қызға көмектесті
ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері 10 жастағы қыздың қолын құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жазатайым оқиға 10 шілде күні түстен кейін Қарасай ауданындағы Көксай ауылында болған. 10 жастағы қыз абайсызда қолын көлік мен тіркеме арасындағы темір байланысқа қойған.
Саусақ қысылып қалып, бірден ісе бастаған.
ТЖМ құтқарушылары арнайы кескіш құралдардың көмегімен қыздың саусағын шығарып алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда бір аптада 220 өрт тіркелген
Өзгелердің жаңалығы