Құтқарушылар қар құрсауынан 8 адамды құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте еліміздің құтқарушылары қар құрсауынан 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 9 қаңтарда түнгі сағат 01:25-те елордалық құтқарушылар «Үркер» тұрғын үй алабындағы кезекті шақыртуға шықты. Қар құрсауында қалып қойған көліктен жолаушылары өз бетінше шыға алмай қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар дереу авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісіп, жүкшығыр арқылы қар құрсауынан автокөлікті шығарып алды. Көлік ішінде 5 адам, оның ішінде 2 бала болған. Құтқару бөлімшелері өтімділігі жоғары «Трэкол» техникасында азаматтарды қалаға аман-есен жеткізді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2022 жылғы 9 қаңтарда түнде сағат 00:35-те құтқару қызметіне аудандық маңызы бар жолда Қостанай облысының Ангарское ауылынан 15 шақырымында «Tоyotа» көлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай жолдан шығып кетті. Авткөлікте үш адам болған, олардың біреуі бала. Зардап шеккен адамдардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Оқиға орнына келген құтқарушылар көлікті тас жолға шығарып, жолаушылар өз бағытын жалғастырды.

ТЖМ-нің хабарлауынша, құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейді және тәулік бойы дайындық үстінде. Олар төтенше жағдайда қалған азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс және алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында жол жүруден және жаяу өтуден бас тарту қажеттігін ескертеді.

Құрметті азаматтар, төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы