Құтқарушылар қар құрсауынан 2 көлікті қауіпсіз жерге шығарды

Таңертең елордалық құтқарушылар Целиноград ауданы Шұбар кентінің маңында қар құрсауында қалған көліктерді шығару бойынша сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Автокөліктер жолда қар құрсауында қалып, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған. 

Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, машиналарды жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. 

Өз кезегінде жүргізушілер дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы