Құтқарушылар Қапшағайда құмға батқан көлікті шығарды

Құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалауындағы құмға батып қалған автокөлікті эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 7 маусымда сағат 22.50-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, «Золотые пески» демалыс базасының ауданында көлік батып қалғаны, ішінде адамдар бар екені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты.

Оқиға орнына келгеннен кейін жағалауға демалуға келген бір жасар баласы бар ерлі-зайыптылардың «Chevrolet Nexia» маркалы автокөлігі құмда батып қалғаны анықталды.

Сағат 23.50-де құтқарушылар автомашинаны негізгі жолға эвакуациялады.

Адамдар медициналық көмекке мұқтаж емес, үйлеріне аман-есен кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы