11 Наурыз 2024 2024, 17:44 Фото: ТЖМ

Құтқарушылар лифт шахтасына құлап кеткен адамды құтқарды

Ақтөбелік құтқарушылар лифт шахтасына құлаған адамға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбелік құтқарушылар лифт шахтасына құлаған адамға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам лифт шахтасына құлап кетті.

5 минуттан кейін оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Арнайы зембілдің көмегімен құтқарушылар зардап шегушіні салынып жатқан ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқарушылар:
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Николай Кротов, Ғалымбек Әбдіжамілов, Шыңғыс Мұқаев.