Құтқарушылар Каспий теңізіндегі жұмысқа арналған жаңа қайық сатып алды
Жаңа техника маңғыстаулық құтқарушыларға міндеттерін мінсіз орындауға көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мarlin 830WA қуатты қайығы кез келген жағдайда құтқару жұмыстарын тиімді орындау үшін заманауи жабдықтармен жарақталған. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, төтенше жағдайларға тез арада ден қоя алады. Бұл өңірдің ТЖ-ға дайындық деңгейін арттыру және су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды қадам болып табылады. Жаңа қайық балықшыларды құтқару, сондай-ақ сүңгуір маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету сияқты маңызды миссияларда пайдаланылатын болады.
Бұл сатып алу құтқару қызметтерінің жұмысын жақсартуға бағытталған Қазақстан ТЖМ материалдық-техникалық базасын жаңартудың бір бөлігі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау жолдарында арнайы жүйе іске қосылды
Келесі жаңалық
Оралда су құбыр жарылды
Өзгелердің жаңалығы