Құтқарушылар демалыс лагерлерінде "Қауіпсіздік эстафетасын" ұйымдастырды

Құтқарушылар Шығыс Қазақстанның демалыс лагерлерінде ауқымды жұмысты жалғастыруда. Жаз мезгілінде облыс бойынша осындай 19-ға жуық демалыс орны жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір "Үміт" балалар үйінің балалары демалатын лагерде Ұлан ауданының ТЖ бөлімінің мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары "Қауіпсіздік эстафетасын" ұйымдастырды. Балалар төтенше жағдайлардағы мінез-құлық дағдылары мен ережелерін арттыру үшін кедергілерді жеңіп, өртті шартты түрде сөндірді. Ең есте қаларлық сәт – Хит есімді төрт аяқты құтқарушы лабрадормен танысу.

Іс-шара барысында балалар құтқарушыларға өздері салған плакаттарын таныстырып, қауіпсіздік ережелерінің алдын алуға шығармашылықпен қарады. Табиғи өрттердің алдын алуға және отпен күресуге арналған жұмыстар ерекше есте қалды. Сондай-ақ, балалар өздерінің қызықты жобаларымен Абай облысында орман өртін сөндірген барлық өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Барлық өрт сөндірушілер - нағыз батырлар. Олар біздің табиғатымызды сақтап, адамдарды өрттен қорғауға көмектесті, - деп атап өтті "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушісі Данил Войтенко.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы